431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар жұмыс іздеуде көбінесе қандай тәсілдерге жүгінеді

  • 299
  • UPD: 10:17, 10.07.2020
Қазақстандықтар жұмыс іздеуде көбінесе қандай тәсілдерге жүгінеді

Қазақстандағы жұмыссыздар саны 442 мың адамға жетті.

Осы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 442,4 мың жұмыссыз тіркелген, деп жазды finprom.kz.

Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 0,1% төмендеді. Жұмыссыздардың ішінде шамамен 40% немесе 176,3 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Жұмыссыздықтың негізгі себептері – өз еркімен жұмыстан шығу (110,5 мың адам) және жұмыс таба алмау (102,4 мың адам).

Аталған кезеңде 125,4 мың адамның жұмыс іздеу ұзақтығы бір айдан аспаған. Сонымен қатар 115 мың адам 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта жұмыс іздеген. Ал 45,6 мың жұмыссыз адам бір жылдан астам уақыттан бері жұмыс таба алмай жүр.

Жұмыс іздеудегі ең танымал тәсіл – баспа мен интернеттегі жарнамалардан іздеу. Бұл тәсілді 251,4 мың жұмыссыз қолданған. Жұмыс табу мақсатында 213,2 мың адам достарының, таныстары мен туыстарымен көмегіне жүгінген.

Жұмыс іздеудегі үшінші танымал әдіс – интернеттегі кәсіби және әлеуметтік желілерге түйіндемені орналастыру. Бұл әдіс арқылы 149,3 мың адам жұмыс тапқан көрінеді.

Сонымен бірге 100,1 мың адам ғана жұмыспен қамтудың мемлекеттік органдарына жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы