Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Жол желісін орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылымында (Амман көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы) Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 10-19 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.