418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды

  • 551
  • UPD: 11:34, 10.07.2020
Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды

Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз  үлесін қосқан еді.

Сонымен қатар осы дерттен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды. Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы