418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада биыл 16 мектеп жөнделеді

  • 117
  • UPD: 11:46, 10.07.2020
Елордада биыл 16 мектеп жөнделеді instagram.com

Елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл 16 мектеп жөнделетінін айтты.

Әкімнің айтуынша, бұл білім ордаларының барлығының асбетін жаңартылып, шатыры жөнделіп, терезелер мен едендері ауыстырылады.

«Бүгін бірқатар оқу орнының, соның ішінде №3 мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қабырғаларда жарықтар пайда болды. Мектептің іргетасы отыра бастады. Соның нәтижесінде мектепті су басуда. Биылғы оқу жылының басында бұл мәселелер шешіледі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 16 мектептің 13-інде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз», – деп жазды әкім instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ осы жылы 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп салынса, келер жылы 40 мың орынға есептелген 12 мектеп салынады. Әкімнің сөзіне қарағанда, оқу орындары бірінші кезекте орын тапшылығы бар жерлерде салынады, ал құрылыс жұмыстарына жекеменшік инвестициялар тартылады.

Хабар 24 телеарнасы