418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мұқтаж жандарға тегін киім тарататын дүкен ашылды

  • 160
  • UPD: 12:17, 10.07.2020

Карантин кезіндегі қайырымды іс. Елордада мұқтаж жандар мен көп балалы аналарға тегін киім тарататын  дүкен ашылды. Сауапты іске қарапайым отбасы ұйытқы болған.

Даулет пен Асемгүл екі бала тәрбиелеп отырған ата-ана. Екеуінің де тұрақты жұмысы бар. Дегенмен, осындай қиын-қыстау кезеңде мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып, көмек берсек деп шешкен. Көп ойланбай қолда бар аз қаржыға дүкен жалдап ішін киім-кешекке толтырып, бір күнде жұмысты бастап кеткен.

Дәулет Керейбаев, дүкен иесі:

- Өзімнің жұмысым бар. Әйелім де жұмыс істейді. Достарым көмектесті туыстарым көмек берді. Бәрі мені қолдады. Сондықтан алға деп аштық. Басында кісі аз болды көңіл-күйіміз де түсті. Ал қазір бүгін қуаныштымыз.

Дүкенде 5 мың теңгеге дейін соммада тегін киім-кешек алуға болады. Ол үшін сауда орны есебінен бір айға бір рет арнайы депозиттік қор ашылады. Сонда жылдың бір мезгіліне бастан аяқ киінуге мүмкіндік бар. Қызығы да сол бұл жерде тауар бағасы небәрі 10 теңгеден басталады. Тек ол үшін дүкенге келіп көпбалалы ана екенін растайтын құжатты көрсетсе болғаны.

Зүлфия Аршабаева көп балалы ана:

- Менің 4 балам бар. Дүкен ашылғанына қуаныштымын. Біздей аналарға бұл үлкен көмек. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Тегін өте көп киім алдым. Барлық балама киім алып қуанып тұрмын. 

Ал жаны жомарт жандар дүкенге таза киімдерді өткізуге де болады. Тек жыртылмаған аса бүлінбеген киім, аяқ киім болу керек. Ия, дүкен иесінің қыруар пайда көрмейтіні рас. Дегенмен аналардың алғысын алсам одан асқан бақыт жоқ дейді Дәулет. Әлі де қала ішінде бірнеше осындай дүкен ашып мұқтаж жандардың тілегін орындасам деген арманы бар.

Автолрлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы