418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде дәрі-дәрмек жетіспейді

  • 154
  • UPD: 12:41, 10.07.2020
Ақтөбеде дәрі-дәрмек жетіспейді

Ақтөбенің ірі дәріханаларында парацетамол, аспирин, гепарин, метрагил және цефтриаксон препараттары жоқ.

Бұл туралы «Ақтөбе - адалдық алаңы» ұйымы мен мобильді топтар өткізген тексеріс барысында белгілі болды. Дәріханалардың алдында халық көп жиналып, ұзын сонар кезекте тұр. Көпшілік дәрілерді әлеуметтік желілер арқылы іздеп жатыр. Ғаламторда «дексаметазон», «триаксон» сынды препараттарды сатып жатқандар бар. Күн сайын жұмыс тобы оларға хабарласып, аталмыш дәрілерді қайдан алғандарын анықтайды. Сондай-ақ ұйым мүшелері препараттарды тым жоғары бағамен сататын орындар жайлы ақпаратпен бөлісуді сұрайды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы