418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 277 көп балалы отбасыға баспана беріледі

  • 124
  • UPD: 12:51, 10.07.2020
ШҚО-да 277 көп балалы отбасыға баспана беріледі sn.kz

Шығыс Қазақстан облысында 277 көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Осы жылы 11 аудан орталығында 141 тұрғын үй салу жоспарланған. Барлығы 25 мың шаршы метр баспана салынады. Жобаның жалпы құны – 3,5 миллиард теңге.

«Тиісті жер телімдері бөлінді. Барлық тұрғын үйге қолданыстағы магистральдік желілерден электр жарығы мен су тартылады. Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандарының әкімдіктері құрылысшылармен келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойды», - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

 

Хабар 24 телеарнасы