418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда дәрі-дәрмек бағасы бақылауға алынды

  • 121
  • UPD: 14:12, 10.07.2020
Оралда дәрі-дәрмек бағасы бақылауға алынды

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологялық ахуал  күрделі. Бүгінгі таңда аймақта 940 адам емделіп жатыр, 92 адам ауыр халде.

Қазір өңір билігі алыпсатарларды анықтап, дәріханалардағы бағаны бақылау жұмыстарын күшейтті. Аймақта стационарларға қажетті орындар мен жасанды тыныс алдыруға арналған оттекті концентраторлар тапшы. Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі де өте өзекті күйде. Дәрігер тапшылығын азайту үшін аймақтағы 2 медициналық колледж түлектерін ауруханаларда жұмыс істеуге жеделдетіп оқыту жұмыстары басталды. Кешікпей аймақ дәрігерлеріне  200-ге жуық жаңа медициналық қызметкер көмекке келеді. Сонымен қатар басқа қалалардағы жоғары медициналық оқу орындарының түлектері де тартылмақшы. 

Ғали Есқалиев,   облыс әкімі:

- Дәрі-дәрмектің облысымызға келетін көлемі 5 есеге көбейді. Вирусқа қатысты және қызуды бастаны дәрі-дәрмектер бойынша. Оның себебі сұраныс болып отыр, екіншісі аурулар саны көбеюде. Қазір кейбір дәрі-дәрмек бойынша дефицит бар. Ол тек біздің облыс емес барлық елде осындай дефицит. Барлық аптекалар өз заявкаларын біздің көтерме сатушыларға уақытында жіберіп тұрса біз осы заявкаларды орталыққа жіберіп осы мәселені шешеміз. Кеше Президент айтты, келесі аптадан бастап дәрі-дәрмекпен қамту қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы