418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев: Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттап кетті

  • 132
  • UPD: 13:38, 10.07.2020
Тоқаев: Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттап кетті freepik.com/

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы коронавирус індетінінің еліміздегі азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, азық-түлік бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асқан.

«Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты», - деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы