418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде игерілмеген 7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

  • 101
Елімізде игерілмеген 7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды 7kun.kz

Мемлекет басшысы 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің аяқталуына байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдау керектігін айтты.

Тоқаев өз сөзінде жер шетелдіктерге сатылмайтындығын тағы бір еске салды.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», – деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы