418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда полиция саябақтарға рейд жасады

  • 143
Нұр-Сұлтанда полиция саябақтарға рейд жасады

Елордалық полицейлер қоғамдық орындар мен саябақтарды аралап, рейдке шықты. Халықтың маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтануын талап етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шілденің шіліңгірінде саф ауа іздеп саябақта серуендегендердің жартысынан көбі маска киіп жүрген жоқ.  Біреулері қасымда адам жоқ, таза ауа жұтып жүрміз десе, екіншілері санитарлық норманы ескермейді. Тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандарға ешқандай айыппұл салынбайды, тек ескерту жасалады деп отыр. Айта кетейік, мәселен, Испанияда қоғамдық орындарда  ережені елемегендерге 100 еуро, Францияда 135 еуро айыппұл белгіленген. Қазір елорда төңірегінде 250-дей жаяу патруль жұмыс істейді. Серуенге шыққанда маска тағу режимін сақтап, үш адамнан артық жиналмау, өздерін және айналасындағыларды қорғау аса маңызды, қалыпты өмір ырғағына тезірек оралу әрбір қазақстандықтың жауапкершілігіне тікелей байланысты дейді, полицейлер.

Хабар 24 телеарнасы