418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында шектеу шараларын күшейту тапсырылды

  • 238
  • UPD: 16:13, 10.07.2020

Атырау облысында соңғы бір тәулікте 336 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Бұл көрсеткіш сәт сайын құбылып отыр. Қазір облыс бойынша барлығы 7 мың 150 адам қауіпті індетке шалдыққан. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал ушығып кетті.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Қазір облыс қауіпті індеттің құрсауында тұр. Кеше 658 адамнан ауру белгілері анықталса, бүгін яғни соңғы тәулікте 336 тұрғын қатерлі дертке шалдығып отыр. Айналдырған екі күннің ішінде шамамен 1000 адам індеттің ілмегіне іліккен. Оған қоса қос өкпесі қабынып, аурухана түсіп жатқандар да аз емес. Сондай-ақ, облыс орталығына өткен аптада Алматы қаласынан 220 млн теңгеге қажетті дәрі-дәрмектің 430 түрі  сатып алынған еді. Медициналық препараттар шаһардағы дәріханаларға, сонымен қатар аудан орталықтарына жеткізілді. Оған қоса осы аптаның аяғында тағы да дәрілік өнімдерді әкелу жоспарланып отыр. Десе де, дәрі-дәрмекті заңсыз әрі қымбат бағада сатып отырғандар азаймай тұр.

Өздеріңізге белгілі, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығып кетуіне байланысты Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауаптыларға шектеу шараларын қатаңдатуды тапсырған еді. Енді облыста қандай шектеулер қолға алынатыны туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ. Облыстың Бас санитарлық Дәрігерінің қаулысы шыққанда қосымша ақпаратты сіздермен бөлісетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы