417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүкті әйел Алматыдағы ХҚКО-да босанып қалды

  • 178
  • UPD: 15:21, 10.07.2020
Жүкті әйел Алматыдағы ХҚКО-да босанып қалды facebook.com

Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО филиалында әйел жүкті босанып қалды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, Жүкті әйел өзінің танысымен соның тұрғын үйіне тіркелу үшін барған.

«Ол сағат 12:00-де алдын ала талон алды. 10 минуттан соң әйелдің толғағы басталды. Мұны көрген ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны өзінің кабинетіне апарып, кушеткаға жатқызған. Содан кейін жедел жәрдем шақырады. Жедел жәрдем көлігі келген кезде перзентханаға баратын уақыт қалмады. Сағат 12:30-да сол кабинетте қыз бала дүниеген келді. Бұл жанұядағы үшінші бала екен. Біз қыз баланың ата-анасын құттықтаймыз! Сондай-ақ жас ана ХҚКО қызметін алып үлгерді. Ал біз азаматтарды мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға, оның ішінде тұрғын үйге тіркелу қызметін де қашықтан алуға болатынын айта кетейік», деді Мұрат Жұманбай.

 

Хабар 24 телеарнасы