423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жер шетелдіктерге сатылмайды – Президент

  • 670
  • UPD: 18:40, 10.07.2020

Келер жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдау керек. Мемлекет басшысының айтуынша, жер шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет енді бұл мәселеге оралмайды. Бүгінде игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасау заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Президент алынған жер міндетті түрде игерілуі тиіс екендігін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы