417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан шекарасынан өте алмай жүрген мыңдаған өзбек мигранты елдеріне оралды

  • 411
Қазақстан шекарасынан өте алмай жүрген мыңдаған өзбек мигранты елдеріне оралды

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» бекеті арқылы кешеден бері 3700-ден астам адам Өзбекстан аумағына өтті, деп мәлімдеді көрші мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін хабарымызда бұл азаматтар үйлеріне екі апта бойы қайта алмай, далада түнеп жүргенін хабарлаған едік. Енді өзбек билігі шекарадан асуға кедергі болған барлық техникалық проблеманы жойғанын айтып отыр. Отанына оралған өзбекстандықтардың бәрі карантинге жатқызылады, деп ескертеді Өзбекстанның Сыртқы істер ведомствосы.

Хабар 24 телеарнасы