425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жатқан жері жайлы болсын. Бас санитар әріптесінің қазасына орай көңіл айтты

  • 506
  • UPD: 17:55, 10.07.2020
Жатқан жері жайлы болсын. Бас санитар әріптесінің қазасына орай көңіл айтты otyrar.kz

Еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қазасына орай көңіл айтты.

Ол бұл туралы Facebook-те жазба қалдырды.

Есмағамбетова марқұммен 15 жыл бірге жұмыс істегенін жазды. Ол Қайрат Баймұхамбетовті теміржол бекетінде СЭС қызметінің басшысынан тұтас облыстың бас санитарына дейін өскен еңбекқор жан деп еске алды.

«Пандемия кезінде инфекция жұқтыру қаупіне қарамастан, ол коронавирусқа қарсы белсенді күресті, ауруханалар мен стационарларға барып, науқастардың жағдайын біліп тұрды. Барлық сақтық шараларына қарамастан, вирус оны да аямады. Қайрат Қажыманұлы айналасындағылардың игілігі үшін бар күшін салып, нағыз патриот ретінде өмір сүрді және көз жұмды. Аурухана төсегінде жатқанда да, ол «сауығып кетемін» деп сеніп, жағдайы нашарлағанға дейін жұмысын жалғастырды», - деді Бас санитар.

«Күнде таңертең COVID-19-дан қаза тапқан адамдар туралы ақпаратты есігенде жүрегім езіледі. Бірақ бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитары Қайрат Қажыманұлының қазасы аса ауыр тиді», - деп жазды ол.

Айжан Есмағамбетова марқұмның отбасы мен балаларына елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі атынан көңіл айтқан. Сондай-ақ, қазақстандықтарға «ұят» ұғымын қоя тұрып, өмір үшін күресу керек екенін айтады.

«Құрметті отандастарым. Карантин талаптарын сақтаңыздар, өтінемін. Өздеріңізге қараңыздар. Той, құдалық, басқа да дәстүрлі шараларды өткізуге итермелейтін біздің белгілі «ұят» деген ұғымның қазір маңызы жоқ. Қазір тек өмір мен өлім бар. Адам өледі, одан кейін бәрі кеш», - деп жазды бас санитар.

Хабар 24 телеарнасы