417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар алдағы демалыс күндерін қатаңдатылған локдаун тәртібінде өткізеді

  • 131
Қостанайлықтар алдағы демалыс күндерін қатаңдатылған локдаун тәртібінде өткізеді

Локдаун режимі бүгін түнгі 12-ден бастап күшіне еніп, екі тәулікке созылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдарға тұрғылықты жерінен себепсіз шығуға тыйым салынады. Бірақ жұмысқа баруға, медициналық көмекке жүгінуге рұқсат. Сонымен бірге дәріхана, дүкен және қоқыс шығаруға бұл тәртіптің еш қатысы болмайды. Егер жеке көлігіңіз болса, онда саяжайға еш кедергісіз жете аласыз. Бағбандар үшін арнайы автобус қатынайды. Ал қалған қоғамдық көліктер сенбі-жексенбі күндері мүлдем тоқтайды. Компьютерлік клубтар, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану, сауда орындары, базарлар да жұмыс істемейді. Тұрғындарға саябақ, скверлерде жүруге тыйым салынады. 

Юрий Севостьянов, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

– Өткен жолғы локдауннан кейін коронавирус жұқтырғандар саны азайған. Шектеулер алынып тасталғаннан кейін науқастар саны күрт өсті. Сол себепті осындай мәжбүрлі шешімді қабылдауымызға тура келді. Халық бұған түсіністікпен қарағаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы