432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік дәрігерлерге ресейлік мамандар көмекке келуі мүмкін

  • 240
Ақтөбелік дәрігерлерге ресейлік мамандар көмекке келуі мүмкін

Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен келіссөз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, бұған дейін аймақта медициналық кадр тапшылығы өткір тұрғанын хабарлаған болатынбыз. Ондаған адам инфекция жұқтырып, өзгелері денсаулықтарына алаңдап жұмыстан бас тартқан. Қазір облыста коронавирус пен пневмония жұқтыру дерегі көбейіп, шарықтау шегіне жеткен. Жүздеген тұрғын өкпе стационарларында жатыр. Қала бойынша олар 6 мекеменің базасында жасақталып, құрылған. Бұл орындар 72 процентке толған. Мамандардың айтуынша, барлық бөлімше қажетті құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Әсет Қалиев, облыс әкімінің kеңесшісі:

– Маусым айы Ақтөбе облысында жұқтыру дерегінің көбейген кезеңдерінің бірі болды. Негізі төтенше жағдай басталғалы күніне 100 науқас пневмония, 60-70 пациенттен коронавирус анықталды. Менің ойымша, біз індетті жұқтырудың шарықтау шегін бастан өткеріп жатырмыз. Қабылданған шектеу шаралары нәтиже беруі тиіс. Қазіргі көрсеткіш біртіндеп төмендейді деп үміттеніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы