418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі ауруханалардың жансақтау бөлімдері 96% толған

  • 282
  • UPD: 19:54, 10.07.2020
Шымкенттегі ауруханалардың жансақтау бөлімдері 96% толған

Шымкенттегі ауруханалардың жансақтау бөлімдері науқастарға толы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтыласақ, ондағы орынның 96 проценті бос емес. Сондықтан қала әкімдігі қосымша орындар жасақтауға кірісті. Олар шаһардағы ірі ауруханалардың жанынан жабдықталатын болады. Коронавирус жұқтырған 3769 науқас анықталған. Оның 2152-сі емделіп шықты. Қалада пневмония дертінің көрсеткіші де асқынып тұр. Қазірге дейін 2308 жағдай тіркелді. Науқастарды қабылдайтын орындар жетіспеген жағдайда жергілікті кәсіпкерлер өздерінің ғимараттарын беруге әзір екендерін білдіріп жатыр. Тіпті тойхана иелерінен де осындай ұсыныс түскен.

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Қазіргі жағдай тұрақтанды. Барлығы қамтамасыз етілді. Бүгінгі күнге инфекциялық және провизорлық койканың саны 3860 төсек орын. Бүгінгі күнге соның 70% адам орналасқан. Ол жерде 1000 адамға дейін орнымыз бар. Ал тойханаларға келетін болсақ, кәсіпкерлер тарапынан біз күзге дайындықты алдын ала жоспар жасап жатырмыз. Егер де күрт өскен жағдайда дайын болайық деп. Соған байланысты кәсіпкерлер тойханасын, тіпті сауда үйін де береміз деп ұсыныс тастап жатыр. Қаладағы басқа да ғимараттарды қарап шығып дайындап қойып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы