418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда бірнеше дәріхана кейбір препараттарды шекті бағадан қымбатқа сатқан

  • 127
Көкшетауда бірнеше дәріхана кейбір препараттарды шекті бағадан қымбатқа сатқан

Мәселен, «аспирин-кардио» 1382 теңгеден аспауы қажет болса, олардағы баға – 1590 теңге, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал «Кардиомагнилдің» құнын 50 теңгеге қымбат қойған. Қазір ең өтімді деген өзге де дәрі-дәрмектердің бағасы 20-30 теңгеге көтерілген. Мұны арнайы мониторинг тобы анықтады. Олар үш күннің ішінде 30 шақты дәріхананы тексерген. Бағаны ғана емес, сұраныстағы препараттардың бар-жоғын да сұраған. Сөйтсе сұранысқа ие 40 шақты дәрінің 70 проценті жоқ екен. Алайда фармацевтер біз халыққа олардың баламасын ұсынамыз дейді. Жалпы Ақмола облысында 350-ден астам дәріхана бар. Олардың 100 шақтысы Көкшетауда орналасқан.

Жұлдыз Үсен, фармацевт:

– Бағаның қатты қымбаттауы болған жоқ, болмайды да. Себебі бақылау қатаң. Мемлекетіміз бұл бағытта жұмыстар атқарып жатыр. Қоғамдық ұйымдар мониторинг жүргізеді. Біз оның бәрін көріп, біліп отырмыз. Сондықтан біз ондай әрекетке бармаймыз.

Бақытжан Әмірханов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Алдағы күндері дәрі-дәрмектер қосымша жеткізіледі. Олар нақты сол сұраныстағы препараттар. Бұл бағытта қазір денсаулық сақтау басқармасы мен фармацевтикалық компания жұмыс жасап жатыр. Ал оның барысын біз құзырлы органдармен бірге қадағалап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы