417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейден COVID-19 қарсы дәрі-дәрмектердің ірі партиясы жеткізілді

  • 243
  • UPD: 12:17, 11.07.2020

Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Мәскеуден COVID-19 індетіне қарсы дәрі-дәрмек тиеген ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейден келетін екінші ұшақ кестеге сай түнгі 22:00 шамасында келуі керек. Бұл әдеттегідей гуманитарлық көмек емес. Препараттар қала әкімшілігінің көмегімен фармкомпаниялардың тапсырысы бойынша сатып алынған. Алғашқы ұшақта азитромицин, меропенем, гепарин, фраксипарин сынды вирусқа қарсы және қызуды басатын дәрілер бар. Жұктің салмағы 15 тонна 800 келіден асады. Енді олар еліміздің барлық өңірлеріне таратылады. Сондай-ақ дәріханалардағы дәрілердің тапшылығын жою үшін жақында тағы да осындай препараттар әкелу жоспарланып отыр.

Заңғар Сәлімбаев, қала әкімдігінің  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі:

– Бірінші ұшақ келіп қонды. Және де сәлден соң, 2-3 сағаттан кейін тағы бір ұшақ Ресей Федерациясынан келіп қонады. Жалпы келген дәрі-дәрмектердің салмағы 50 тонна болып табылады. Қазіргі келген ұшақтың ішінде 1 млн 616 мың дана дәрі-дәрмек бар. Алдымыздағы аптада Үндістаннан тағы екі ұшақ келеді деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы