417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында екі күндік қатаңдатылған шектеу шаралары енгізілді

  • 186
  • UPD: 21:39, 10.07.2020
Алматы облысында екі күндік қатаңдатылған шектеу шаралары енгізілді

Яғни алдағы сенбі мен жексенбіде өңірдегі медициналық нысандар, коммуналдық ұйымдар және азық-түлік дүкендерінен өзге мекемелердің барлығы жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көлік жүрмейді. Базарлар мен жәрмеңкелер, сауда-саттық, ойын-сауық орталықтары, өндіріс орындары жабылады. Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар, аялдамалар және сауда орындары, автовокзалдар, темір жол бекеттері, балалардың ойын алаңдарында жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Осы уақыт аралығында қандай көрсеткіш болатынын көреміз. Мысалы, кешегі көрсеткіш 108 адам, яки 4,6 көрсеткіш. Екі күн нәтижесінде МВК отырысында осы режимді ұлғайту бойынша мәселе қарастырылатын болады. Түнгі сағат 12-ден бастап жабылады. Осы тәртіпті бұзған адамдарға заңда көрсетілгендей, 82 мың теңге айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы