417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 137 мыңнан астам медициналық масканы заңсыз сатқандар ұсталды

  • 162
  • UPD: 08:34, 11.07.2020
Атырауда 137 мыңнан астам медициналық масканы заңсыз сатқандар ұсталды

Атырауда 137 500 масканы заңсыз сатқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында медициналық масканы рұқсат құжатынсыз сатып жүрген екі ер адам анықталған. «Полиция қызметкерлері 10 шілдеде жедел іздестіру шарасы кезінде «Лесхоз» ықшамауданында екі адамды қолға түсірді. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық масканы лицензиясыз әрі қымбатқа сатқан. Ұсталғандардан 137 500 медициналық маска тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы