418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да карантин кезінде суға шомылуға рұқсат жоқ

  • 172
  • UPD: 09:29, 11.07.2020
СҚО-да карантин кезінде суға шомылуға рұқсат жоқ

Алайда Солтүстік Қазақстан облысында мұндай шектеуді елемейтін азаматтардың саны артып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлері Есіл өзені бойында кезекті арнайы рейд ұйымдастырды. Азаматтардың көбі жасырынып рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп жүргендері белгілі болды. Шара барысында оларға ескерту жасалды. Ал келесі жолы әкімшілік айыппұл салынатын болады. Жалпы, өңірде суға шомылу маусымы басталғалы бері жағалауда ішімдік ішкен 100-ден астам азамат жауапқа тартылған екен.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Адамдардың көбі біздің ескертуімізге түсіністікпен қарайды. Алайда агрессивті түрде қабылдайтындары да жоқ емес. Сондықтан рейд өткізіп, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Біздің өңірде екі мыңнан астам көл бар. Олардың барлығына  құтқарушыларды бекіту мүмкін емес. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларына баса көңіл бөлу керектігін ескерткіміз келеді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы