425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да заңсыз қару-жарақты өткізгендерге сыйақы беріледі

  • 353
  • UPD: 09:52, 11.07.2020
ШҚО-да заңсыз қару-жарақты өткізгендерге сыйақы беріледі

Шығыс Қазақстанда 1 шілдеден бастап тұрғындардың қолында заңсыз сақталған қару-жарақ, оқдәрі, жарылғыш заттарды сыйақыға қабылдау акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ерекшелігі, биыл карантин талаптарына орай өзгешеліктер бар. Тұрғындар полиция ғимаратына сабылмай ақ өздері хабарласып өтініш қалдыра алады. Ары қарай рәсімдеу жұмыстарын тәртіп сақшылары ұйымдастырады. Бір аптаның ішінде өңір жұрты жалпы 120  қару өткізген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әсіресе Күршім, Алтай, Қатонқарағай, Үржар аудандары мен Семей қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Мәселен, тек Күршім ауданынында 16 қару сыйақыға қабылданған. Өскемендіктер де өздеріндегі қару жарақты өткізуге асық. Өткен жылы қалада іс-шара барысында 30-ға жуық қару тапсырылып, жалпы 2 миллион теңге сыйақы берілген.

Айдар Манженов, қалалық полиция басқармасының аға инспекторы:

– Сыйақыны біз 3 категорияға бөлінеді,ол мылтықтық сапасына байланысы бұған арнайы комиссия құрылып, Өскемен қаласы полиция басқармасында солар анықтайды. Бұл іс-шараның мақсаты, халық арасындағы қару жарақпен  жасалатын қылмыс санын азайтып, және оларды ашу мақсатында осындай шаралар жүргізіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы