418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанға екі тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

  • 192
  • UPD: 19:15, 11.07.2020
Түркістанға екі тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Түркістандағы дәріханаларға медициналық препараттар жеткізілді. Мұнда жалпы салмағы 2 тоннаға жуық 136 түрлі дәрі-дәрмек шаһардағы 6 дәріханаға таратылды.

Науқастарға аса қажетті бұл препараттарды қала билігі Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн теңгеге сатып алған. Оның ішінде антибиотиктер, қан сұйылтатын және тыныс алу жолдарына арналған дәрілер бар. Жергілікті әкімдік дәрі қорын молайту үшін өзге де компанияларға сұраныс жіберген. Көп ұзамай көрші елдерден де препараттар алынып, облыстағы дәріханалардың сөрелері сұранысқа ие дәрілермен толығады.

Сәкен Қалқаманов, облыс әкімінің орынбасары:

- Келісім-шарт бойынша дүйсенбі күні растоможкада тұрған Өзбекстаннан тағы да бір жүк көлігі келеді дәрі-дәрмекпен. Одан кейін келесі аптаның соңына қарай Алматыдан тағы келеді. Антибиотиктер тек дәрігерлердің рұқсатымен сатылады. Және мынау парацетомол, аспирин секілді дәрі-дәрмек бір қолға екі құтыдан көп сатылмайды.

Хабар 24 телеарнасы