429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан карантинді күшейтті

  • 949
  • UPD: 19:36, 11.07.2020
Өзбекстан карантинді күшейтті

Өзбекстан билігі де елдегі карантин талаптарын күшейтті. Арнайы республикалық комиссияның шешімімен алдағы дүйсенбіден бастап шаштараздар мен сән салондары қайта жабылады.

Автокөлік қозғалысы да шектеледі. Жеке көлік иелеріне темір тұлпарларын таңғы және кешкі уақытта үш сағаттан ғана тізгіндеуге рұқсат беріледі. Ал қоғамдық көліктер түгел тоқтатылды. Демалыс күндері көліктердің барлық түріне қала ішінде қатынауға тыйым салынбақ. Ел ішінде әуе және темір жол байланысы да уақытша тоқтатылады.

Хабар 24 телеарнасы