418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шекара қызметі халықтың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта әкелуіне кедергі жасамайды

  • 174
  • UPD: 21:20, 11.07.2020
Шекара қызметі халықтың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта әкелуіне кедергі жасамайды

Шекара қызметі дәрі-дәрмекті жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желіде «Үрлі төбе» өткізу бекетінде дәрі-дәрмекті заңсыз ұстады» деген ақпараттың таралуына қатысты Шекара қызметі 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаты жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын хабарлайды. Дәрілер атауы бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салынған» делінген хабарламада. Дәріні өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғандығын түсіндіре алмаған.

«Әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзыреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілді, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді» делінген хабарламада.

Шекара қызметі жұрттың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайтындығын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы