428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі бірнеше дәріхана дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз қымбаттатқан

  • 368
  • UPD: 09:17, 12.07.2020
Ақтөбедегі бірнеше дәріхана дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз қымбаттатқан

Кейбір кәсіпкерлер сатып алушыларды бірнеше жүз теңге артық төлеуге мәжбүрлесе, басқалары тіптен үлкен мөлшерде пайда көрген екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл заңсыздықтарды рейдтік іс-шара барысында «Ақтөбе – адалдық Аланы» жобалық кеңсесінің мамандары мен бақылау тобының мүшелері анықтады. Әлеуметтік желілерде аймақ тұрғындары дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігіне және сауда нүктелеріндегі ұзын-сонар кезектерге наразылық білдірген еді.

Жанболат Тұртаев, «Ақтөбе - адалдың алаңы» жобасының басшысы:

– Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бар, онда бағалар шегі көрсетілген. Бұл клексан – 4000, оның10 ампуласының максималды бағасы – 18 мың. Ал оны 42 500 теңгеге сатқан. Екі есе қымбат. Мобильді топты шақырдық, ақ қарасын солар анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы