418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді

  • 196
Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді

Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты Атырауда шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің қызметіне тыйым салынды. Бірақ азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар таңғы сағат 10-нан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Ал, қоғамдық тамақтану орындары тек «үйге жеткізу» режимінде қызмет атқара алады. Сондай-ақ көлік жөндеу, жуу орталықтарының жұмысы тоқтатылды.

Сүлеймен Әубәкіров, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына қатынайтын теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Сондай-ақ бизнес объектілердің, оның ішінде адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктерінің қызметіне тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы