418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС: қорға жарна төлемегендер медициналық көмекті қалай алады

  • 155
МӘМС: қорға жарна төлемегендер медициналық көмекті қалай алады Egemen.kz

1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енді.

Енді қорға жарна төлемегендер тегін медициналық көмек ала алмайды. Сонда қайтпек керек?! Жұмыс істемейтін қазақстандықтар жүйенің жеңілдік берілген санатына кіреді. Бірақ ол үшін еңбекақысыз қалғандар өз мәртебесін «жұмыссыз» ретінде тіркеуі тиіс. Сол кезде ғана медициналық қызмет ақысы мемлекет қарауына өтеді. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бірыңғай жиынтық төлем жасауы тиіс. Оның 40 проценті осы қорға аударылады. Ал еңбек етіп жүргендерге сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлесе, 15-санатқа жататын: зейнеткер, жүкті әйелдері мен балалар бюджет есебінен сақтандырылады. Айта кетейік, осыған дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сақтандырылмаған азаматтардың көмек алуы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылған еді.

Хабар 24 телеарнасы