418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Ұлттық аза тұту күні

  • 215
  • UPD: 19:15, 12.07.2020
Ертең Ұлттық аза тұту күні

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты жасаған телевизиялық үндеуінде  13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күні мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді. Түскі сағат бірде республикалық және облыстық мешіттер мен медреселерде Құран Хатым дұғасы жасалады. Діни іс-шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы мен YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға болады. Коронавирус құрбандарын еске алуға арналған мұндай іс-шара сағат 10:00-де шіркеулерде де өтеді. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда аза тұту күні осымен 9-рет жарияланып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы