418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы коронавирустан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

  • 136
  • UPD: 08:49, 13.07.2020
Елбасы коронавирустан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты фото: elorda.info

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Elbasy.kz сайтында жарияланды.

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр.

Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның – әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр.

Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы