417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы COVID-19-дан көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

  • 163
  • UPD: 12:12, 13.07.2020
Үкімет басшысы COVID-19-дан көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады primeminister.kz.

«Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын.  

Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Асқар Мамин.

Хабар 24 телеарнасы