418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан қауіпсіздік рейтингінде 89-орын алды

  • 107
  • UPD: 12:09, 13.07.2020
Қазақстан қауіпсіздік рейтингінде 89-орын алды

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тергеу қызметтері биылғы бірінші тоқсанда экономиканың бақыланбайтын секторын есептегенде 69,2 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,1% көп, деп жазды energyprom.kz.

Бақыланбайтын секторды есептемегенде қызметтер көлемі 68,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19% көп.

Бір қызығы, биыл бұлардың ішінде тек 1,7 млрд теңге болатын қызметтер тұрғындар есебінен жүзеге асырылды. Былтыр бұл көрсеткіш 6,6 млрд теңге болған, яғни бір жылда бірден төрт есе азайған.

Бұл саладағы қызметтердің жалпы соммасының 85,5%-ы жеке күзет қызметтеріне тиесілі: 58,2 млрд теңге. Дәл осы сегмент тұтастай қызметтердің өсуін қамтамасыз етті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызметтер 6,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,3% аз.

Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі 2,9 млрд теңгені құрайды, бұл 35,2% аз. Тергеу қызметтері 579,4 млн теңгеге жетті, бір жылда 24,2% өскен.

Legatum Institute өркендеу индексіне сәйкес Қазақстан азаматтардың қауіпсіздігі бойынша әлемдегі 167 елдің арасында 89-орынды алады.

Хабар 24 телеарнасы