417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары қандай нәтиже берді?

  • 129
  • UPD: 15:14, 13.07.2020

Алматы облысында екі күнге енгізілген қатаң карантиндік шектеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенбі мен жексенбіде өңірде қоғамдық көлік қатынасы тоқтап, сауда-саттық орталықтары мен базарлар және өндірістік нысандар жұмыс істеген жоқ. Қауіпсіздік талаптары қандай нәтиже берді? Бұл туралы бізбен тікелей эфирге шыққан өңірдегі меншікті тілшіміз Шыңғыс Қалиден айтып береді.

Диктор:

- Шыңғыс, қабылданған қаулы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне ықпал етті ма? Аза тұту күні жайлы мәлімет бере кетсеңіз?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Аза тұту күніне байланысты бүгін Талдықорғандағы 92 метр биіктіктегі ең үлкен мемлекеттік ту төмен түсірілді. Шаһар ішіндегі мекемлерде де осындай көрініс. Біраз уақыттан кейін қаланың орталық алаңында мына біз тұрған жастар саябағында, облыстық аурухана маңында қаралы митинг өтеді. Жиналғандар осы індеттен қаза тапқан марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алмақ. Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша облыста короновирустан 7, ал өкпе қабынуынан 190 адам қайтыс болыпты. Жалпы аймақтағы жағдайға тоқталсақ. Жетісу жерінде 2700-ден аса адамнан індет белгілері анықталған. Соның 1300-ге жуығы емделіп шықты. Жұқпалы аурумен күреске үш жарым мыңнан аса медицина қызметкері жұмылдырылған. Алайда, аймақта кадр тапшылығы анық байқалады. Шамамен 150 шақты маман қажет. Әкімдік өкілдері қазір осы саладағыларға үстемақы беру және маман тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сұхбатқа назар аударайық.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Арнайы қаулыға қол қойылды. Ол бойынша республикалық бюджеттен 630 млн теңге бөлінді. Одан бөлек, республикалық бюджеттен 137 млн теңге бөлінген болатын. Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігіне байланысты медициналық оқу орындарымен меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар хабарламалар бердік. Скл соның арқасында біз медициналық мекемелерді мамандармен жабдықтаудамыз.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Енгізілген екі күндік шектеу шараларына келетін болсақ. Жауаптылар. қатаң талап өз нәтижесін бергенін айтады. Мәселен, жай күндері 100 шақты адамнан індет белгілері байқалса, соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 34-ке дейін төмендеген. Бірақ толық мәлімет екі аптадан соң анықталады.

Диктор:

- Шыңғыс, Талдықорған аймағында төтенше жағдай аяқталғаннан соң ғана індет тарай бастаған еді. Өңірде карантин талаптарын бұзу деректері болды ма?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Талдықорғанда коронавирус жұқтырған ең алғашқы науқас 11 мамырда тіркелді. Карантин талаптарының сақталуын өңірде құрылған арнайы құрылған мобильді топ бақылайды. Олар осы күнге дейін 7 мыңнан аса рейд ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 1500 карантин режимін бұзу дерегі тіркелген екен.

Хабар 24 телеарнасы