423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында пневмония өршіп тұр

  • 321
  • UPD: 13:32, 13.07.2020

Пневмонияның өршуі Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалды күрделендіріп жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өкпесі қабынған 2 мыңнан астам адам тіркеліп отыр. Жалпы пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясынан 7 тұрғын көз жұмды. Вирус жұқтырған 1730 қызылордалықтың 1200-ден астамы аурудан айығып шықты. Індеттің таралуы және оған қарсы қолданылған шаралар жөнінде арна тілшісі Қамбар Бекенов тікелей қосылымда айтып береді.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Иә, COVID-19 вирусы наурыз айының аяғында шетелде сапарлап келген тұрғыннан анықталды. Араға апта салмай жатып аудан, ауылдар карантинге жабыла бастады. Алдымен Жаңақорған, кейін Шиелі және облыс орталығының шағын аудандарын оқшаулап тастады.

Пандемиямен күреске 3 мыңдай медицина маманы, жүздеген әскерилер, полиция департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға сақтық құралдары мен дәрі-дәрмек әкелінді. Дегенмен, нәтиже ойдағыдай болмады. Түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілсе де, карантин талаптары өрескел бұзылды. Тұрғындар той-томалақ, думанды жиындар жасауы мен баруын қоймады. Үйлену және қыз ұзату тойына қатысқан бірнеше ауыл әкімдері қызметтен шеттетілді. Наурыз айынан бері тәртіп сақшылары 1267 әкімшілік құқықбұзушылық анықтап, 1149 істі сотқа жолдаған. Жұрт сақтық шараларына мән бермеуі салдарынан індет жылдам әрі барлық елді мекенге тарады.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Одан бөлек, өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезіліп, өкпесі қабынғандарға оттегі аппараты жетіспеді. Жедел жәрдем қызметі шақыртуларға дер кезінде баруға үлгермеді. Осы олқылықтарды жоюға қандай шаралар атқарылып жатыр?

Қатаң карантиндік тәртіп эпидахуал тұрақтанғанша сақталатын болады. Сырбойылықтар жаһанды дүрліктірген пандемия құрбандарын қайғыра еске алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы