418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз – Димаш Құдайберген

  • 174
  • UPD: 12:48, 13.07.2020
Мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз – Димаш Құдайберген

 Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирустан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.

«Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес... Бүгін – Аза тұту күні! Осы індеттің кесірінен қайтыс болған барлық адамды жаратушы иеміз панасына алғай! Марқұмдардың туған-туыстарына сабыр тілеймін. Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз.

Қазіргі міндет – ауырып жатқандарды аман алып қалу. Әрбір адам үшін күресуіміз керек. Бәріміз осы ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет. Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!», - деп жазды әнші.

Хабар 24 телеарнасы