418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

  • 172
  • UPD: 13:25, 13.07.2020
Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

«Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін», – деп жазды Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын және қиын-қыстау кезеңде талмай-тынбай еңбек етіп дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдірді.

Қазақстанда коронавирус құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Хабар 24 телеарнасы