417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

  • 216
  • UPD: 14:23, 13.07.2020
Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

«Кеше, 12 мамырда Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев 62 жасында өмірден озды. Алматы қалалық сотының басшылығы, сот әкімшілері, Судьялар одағының Алматы филиалы және жалпы Алматы соттарының судьялар корпусы атынан отбасына, туыстарына және барлық жақынына көңіл айтамын. Үлкен қайғы мен ауыр сынақ. Ол спортты белсенді сүйетін, жарқын және мейірімді адам болды», - деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ қалалық соттың баспасөз қызметі бүгін Алматы қалалық сотының дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін жабылғанын айтты.

Нәбиев Тұрсын Ясынұлы 1958 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келген.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық сотының стажері, 1987 жылдан бастап Алматы облысы Гвардейск аудандық сотының судьясы, төрағасы қызметін атқарған.

1993 жылдан осы уақытқа дейін Алматы мен Алматы облыстық соттарында жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы