418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда фармацевтикалық өндіріс кластері ашылады

  • 134
  • UPD: 15:21, 13.07.2020
Алматыда фармацевтикалық өндіріс кластері ашылады

Алматыда фармацевтикалық өндіріс пен жеке қорғаныс құралдары өндірісі бойынша бірнеше жоба қолға алынбақ.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Өндіріске келер болсақ, фармацевтикалық өндіріс пен жеке қорғаныс құралдары өндірісі бойынша бірнеше жобаны қарастырып жатырмыз. Фармацевтикалық өндіріс бірден құрыла қоймайтыны белгілі. Бірақ бұл мәселені жүйелі түрде шешуге болатынын түсіндік. Алатау арнайы экономикалық аймағында медициналық бұйымдар шығаратын кластер жасау туралы шешім қабылданды. 2044 жылға дейін жеңілдік қарастырылмақ. Инфрақұрылым дайын. Қазір 4 жоба қарастырылып жатыр. 2 жоба басталғалы тұр. Атап айтқанда, матаға жатпайтын материал өндірісі. Бұл барлық жеке қорғаныс құралдары маска, обаға қарсы костюмдер өндірісі. Егер біз осы өндірісті жолға қойсақ, импортқа тәуелді болмаймыз. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді С.Тұяқбаев.

Хабар 24 телеарнасы