418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өкпені компьютерлік томографияға қандай кезде түсірген жөн

  • 199
  • UPD: 15:40, 13.07.2020
Өкпені компьютерлік томографияға қандай кезде түсірген жөн

Өкпе қысылып, ентігу пайда болған кезде не істеу керек?

Бұл туралы Қарағанды қаласы ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері, №3 Отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Саягүл Балахметова онлайн брифингте айтып берді.

«Бірден компьютерлік томографияға, рентгенге түсу міндетті емес. Ең алғашқы 3-5 күн аралығында компьютерлік томографиядан өткеннің өзінде өкпенің қабынуын нақты көрсетпеуі мүмкін. Сол себепті бірден компьютерлік томографиядан өтудің қажеті жоқ. Егер науқастың ауыру ұзақтығы 5 күннен артық 6-7 күнге созылса, дене қызуы жоғарыласа, ентігу күшейсе, дәрігердің көмегіне жүгініп, нұсқаулыққа қарай компьютерлік томографиядан өтуге болады», - деді дәрігер.

Хабар 24 телеарнасы