418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда Ұлттық аза тұту күніне байланысты қаралы митинг өтті

  • 104
  • UPD: 18:40, 13.07.2020

Алматы облысында да аза тұту күніне байланысты Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, қаралы митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдықорғанның орталық алаңына мемлекеттік мекеме қызметкерлері шықты. Қатарында ауруынан айығып, бүгін жұмысына кіріскен облыс әкімі Амандық Баталов та бар. Ал күштік құрылым өкілдері жастар саябағына, облыстық ауруха маңына медицина қызметкерлері келді. Арақашықтықты сақтай отырып жиналған 40 шақты адам бір минут үнсіздікпен коронавирус індетінен қаза тапқан марқұмдарды еске алды. Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша өңірде COVID-19 індетінен 7, ал өкпе қабынуынан 190 адам көз жұмған. Қайтыс болғандарға мешіттерде Құран хатым дұғасы жасалды. Ардагерлер көпшілікті сабырға шақырып, күш біріктіріп қиындықпен күресу керетігін атап өтті.

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бұдан да қиын уақыттарды бастан кешіргенбіз. Өзіміз қатыспасақ та ата-анамыздан естігенбіз. Бұл да өте шығар. Жақсы күндер шығар. Сондай жақсы күндерді тілеймін, ауырмайық.

Хабар 24 телеарнасы