417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандықтар індеттен көз жұмған марқұмдардың рухына тағзым етті

  • 138
  • UPD: 17:33, 13.07.2020
Батысқазақстандықтар індеттен көз жұмған марқұмдардың рухына тағзым етті

Батыс Қазақстан облысына да қатерлі індет құрбандарын еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оралда тұрғындар бірнеше жерде өткен аза тұту рәсіміне қатысып, қатерлі індет салдарынан қапияда қаза болғандарды еске алып, аза тұтты. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай өңір басшылары мен жұртшылық облыстық әкімдік пен емдеу нысандарының, сондай-ақ Тұңғыш Президент алаңдарында марқұмдардың рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Айта кету керек, облыста коронавирус індетінен 22 адам қайтыс болды.

Мәлік Құлшар, облыстық мәслихат хатшысы:

-Әрине, осындай бейбіт кезде аурудың елімізге келіп, тереңдеп батпандап еніп, талай азаматтарды арамыздан жұлып кеткені көңілімізге қаяу түседі. Арттарының қайырын бесін дейміз. Ендігі басты міндетіміз ауырып жатқан қазақстандықтардың жазылуына, оларды қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтап, мемлекеттік деңгейде көмек көрсету деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы