417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының тұрғындары ауруханаларға бір тонна қымыз жеткізді

  • 171
  • UPD: 16:08, 13.07.2020
Қарағанды облысының тұрғындары ауруханаларға бір тонна қымыз жеткізді

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары бір тоннаға жуық қымыз бен саумал жинап, ауданның және Жезқазған қаласының медициналық мекемелеріне тапсырды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары ерекше акция ұйымдастырып, өңірдегі медицина мекемелерінің пациенттері мен медицина қызметкерлеріне қымыз бен саумал жинады. Бұл сусындар иммунитетке пайдалы саналады. Жаңаарқалықтар бұл қайырымдылық шарасын әрі қарай жалғастырып, өңірдің ауруханаларын сүт өнімдерімен тегін қамтамасыз етуге дайын екендерін айтты.

«Қазіргі әлемде, елде болып жатқан жайтты көре отырып Жаңаарқа жастарының бастауымен ауыл-ауылды аралап, емге шипа болатын емдік қасиеті бар қымызды ем алып жатқан азамат азаматшаларға жеткізіп, аз да болсын өз үлесін қосып жатыр және бұл тек Жаңаарқа ауданымен шектелмейді, Алла қаласа қымызды барлық емханаға жеткізу басты мақсат болып тұр», - дейді жаңаарқалықтар.

Хабар 24 телеарнасы