418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар да қауіпті індеттен қаза тапқандарды аза тұтты

  • 147
  • UPD: 18:50, 13.07.2020

Бүгін атыраулықтар да қауіпті індеттен қаза тапқандарды аза тұтып, бір минут үнсіздік жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дендеген дерттен дүние салғандарды бір сәт еске алды. Барлық мемлекеттік мекеме ғимаратындағы ту түсірілді. Облыстық әкімдік алдында өңір әкімі, орынбасарлар, облыстық мәслихат хатшысы, басқарма басшылары сап түзеді. «Теңізшевройл» компаниясы мен №2 облыстық аурухана алдында да азалы үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды.  

Рзабек Артығалиев, ТШО компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері:

- Бұл жаман ауру әрқайсысымызға әсер етті. Жақындарымыздан, туыстарымыздан және достарымыздан айырылдық. Бұл – әр отбасына қайғылы жағдай. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Алайда, Қазақстан халқы бірігіп, бұл қиындықтарды жеңе алатынына шын жүректен сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы