418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияға қарсы дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

  • 140
  • UPD: 16:18, 13.07.2020
Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияға қарсы дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

Жамбыл облысында коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілуде.

Бұл мәселе облыс басшылығының тұрақты назарында, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айталық, облыстық денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармация» ЖШС-нің өңірдегі өкілдігімен бірлесіп, жетіспеушілік туындап отырған дәрі-дәрмек бойынша өтінім жіберген.

Нәтижесінде 9-11 шілде аралығында 98 миллион 383 мың теңгеге дәрі-дәрмектің ауқымды партиясы жеткізілді. Олар пневмония және COVID-19 вирусын емдеуге арналған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов атап өткендей, препараттар облыстық ауруханаларға үлестірілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмек аудандық медициналық мекемелерге жіберілуде.

Жеткізілген дәрі-дәрмектің қатарында антибиотиктер (1300 ампула), антикоагулянттар (2585 ампула), витаминдер (45,170 ампула), дексаметазон (1850 ампула) бар.

– Бұдан бөлек, бірер күнде дәрі-дәрмектің жаңа жеткізілімі күтіліп отырғанын айтқым келеді. Біз 700 миллион теңгеге қосымша өтініш жібердік, - дейді Марат Жұманқұлов.

Оның айтуынша, дәрілер дәріханаларға да жеткізілмек.

– Ірі дәрі-дәрмек жеткізушілерімен тауарларды уақтылы жеткізіп отыру бойынша келісімшарттар жасалған. Мәселен, бүгінде «Әмір және Д» дәріханаларына 100 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмек әкелінген, - деді М.Жұманқұлов.

Басқа дәріханалар да қажетті препараттармен қамтамасыз етілетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы