418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзіңнің ғана емес, өзгенің де денсаулығына жауапкершілікпен қараған жөн – Профессор

  • 110
  • UPD: 20:07, 13.07.2020

Коронавирусқа бей-жай қарап, бейсауат жүре беруге болмайды. Әрбір адам өз денсаулығымен қатар өзгенің өміріне де жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынын профессоры Камбарбек Кошеновтың пікірі. Ол азаматтарды сабырға шақырып, дәрігер кеңесіне құлақ асуға үндеді. 

Камбарбек Кошенов, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры:

- Бүгін мына 13 шілде аза тұту күні болып президентіміз жария қылды. 2020 жылы әлем бойынша мына індет шарлап тұр ғой. Осы уақытқа дейін індеттен қаза болған барша халық қайғыларына көңіл айтамын. Бұл індетке жай қарауға болмайды. Бұл індетпен барлық халық күресіп жатқанда біз де өз үлесімізді қосып, бүкіл туған-туыстарымызды, достарымызды аман сақтау үшін барлық уақытта өздеріңізге сақ болып, мамандардың айтқанын толық істесек, осы індетті жеңетін сияқтымыз.

Хабар 24 телеарнасы