418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутатының бір мандатына 5 үміткерден келеді

  • 189
  • UPD: 17:26, 13.07.2020
Сенат депутатының бір мандатына 5 үміткерден келеді

Сенат депутатының бір мандатына 5 үміткерден келеді.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Парламенттің жоғары палатасына орташа есеппен 5 адам бір орынға үміткер болып отыр.

«Биылғы жылы үміткерлердің ең көп саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында – 7 адамнан ұсынылды. Ең азы 4 үміткерден Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында ұсынылып отыр. Ұсыну тәртібіне келер болсақ, кандидаттардың 87% өзін-өзі ұсынушылар, ал 13% мәслихаттар ұсынған», - деді Берік Имашев.

Оның дерегінше, кандидаттардың орташа жасы – 50,8. Ең жас үміткер 30 жаста. Ал үміткерлер арасындағы ең жоғары жас – 69.

Хабар 24 телеарнасы