418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық аза тұту күні Павлодар мешіттерінде құран оқылды

  • 136
  • UPD: 18:58, 13.07.2020

Ұлттық аза тұту күні Павлодар облысының мешіттерінде қатым құран оқылды. Имамдар коронавиурстық инфекциядан көз жұмғандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтты. Қазіргі таңда мешіт жанынан көмекке зәру адамдарға көмек көрсету шаралары жалғасып жатыр.

Жолдас Қоспақұлы, облыстың бас имамы:

- Дін қызметкерлері атынан қаза болған кісілердің шаңырақтарына көңіл айтамын. Алла Та'ала қалған туыстарына сабырлық берсін, имандылық берсін. Мынандай қиын кезеңде, әрине біз бір-бірімізді қолдауымыз керек. Қуаттауымыз керек және біз бір нәрсені білуіміз керек, бұл Алла Та'аланың сынағы.

Хабар 24 телеарнасы